Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада жатақханадан өрт шықты

  • AstanaTV
  • 06 мамыр 2024
  • 313

Астанада Байқоңыр ауданының Жетісай көшесінде орналасқан бір қабатты жатақханада өрт шықты, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Өрт болған нысанда электр қуаты сөндірілді.

Белгілі болғандай, 12 бөлмесі бар жатақхананың тұрғындары өздігінен эвакуацияланды.

Өрт орнында 26 құтқарушы мен 7 бірлік техника жұмыс істеді. Оқиға орнына тұрғындарды жылытуға арналған автобус жіберілді.

"Өрт сөндірушілер жатақханадан 15 газ баллонын шығарды. Зардап шеккендер жоқ. Өрт 22:38-де оқшауланып, 01:01-де жойылды. Өрттің алаңы 160 шаршы метрді құрады", - делінген хабарламада.