Жетісу облысының полицейлері мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті облыстық департаментінің қызметкерлері бірлесіп арнайы операция өткізді.
Бірлескен іс-қимыл нәтижесінде Сарқан ауданының 45 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдіктінің мекенжайы бойынша санкцияланған тінту өткізу кезінде полицейлер 13 қап марихуана тапты.
«Күдікті адамның ел аумағында тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның жақтаушысы екені анықталды. Осыған байланысты жедел іс-шаралар облыстық прокуратураның үйлестіруімен жүргізілді. Қазір есірткіні заңсыз сақтау фактісі бойынша да қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады Жетісу облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері.