Боран мен қатты аяздан Түркістан облысындағы 9 облыстық, 1 республикалық маңызы бар автомобиль жолы жабылды. Құтқарушылар жолда қалған 1000-ға жуық адамды эвакуациялады.
Жолаушылар жылу бекеттеріне орналастырылып, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
«Республикалық маңызы бар автожолда 3 жылыту пункті дайындалды. Қазіргі таңда департаментте штаб құрылып жедел желі жұмыс істеп жатыр», - делінген Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.