Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда мейрамхана күзетшісі келушіге оқ атқан

  • AstanaTV
  • 14 желтоқсан 2023
  • 1095

Қостанайда мейрамхана күзетшісі келішуге оқ атып, аяғынан жаралаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға 10 желтоқсан күні болған. Полицияның хабарлауынша, мейрамханаға жеті адам келген, қонақтардың бірнешеуі мас күйінде болған және өздерін агрессивті ұстаған. Мекеменің әкімшісі оларға қызмет көрсетуден бас тартқанына қарамастан, келушілер мекемеден кетпейтіндерін айтады.

Қызметкерлер күзетшілерді шақырған. Қоңырау бойынша келген күзетшілер мен келушілердің бірі арасында ауызша жанжал туындаған. 33 жастағы ер адам бір күзетшіні ұрып-соғып, қаруын алмақ болғанда, күзетші қызметтік карабинмен келушінің аяғына оқ атқан.

"Аталған факті бойынша бірден ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі "Бұзақылық", сондай-ақ ҚР ҚК 252-бабының 2-бөлігі "Жеке күзет қызметі қызметкерлерінің өкілеттіктерін асыра пайдалануы" бойынша екі сотқа дейінгі тергеу басталды”, – деді Қостанай қалалық cолтүстік полиция басқармасының бастығы Ерлан Рахимов.

Қақтығысқа қатысушылардың барлығы анықталып, жауап алынды. Сараптамалардан кейін процессуалдық шешім қабылданады.