Еліміздің республикалық маңызы бар жолдарда ауа райының нашарлауына байланысты шектеу қойылды. Яғни, қоғамдық көліктер мен дизель отынымен жүретін көліктер қозғалысына уақытша жүруіне тиым салынды. Бұл туралы Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев мәлімдеді. Елімізде аяз әлі күшіне мініп тұр. Сондықтан түнгі уақытта көлікпен жолға шығуға болмайды.
Сәтжан АБЛАЛИЕВ, ҚР КӨЛІК ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
Республикалық, облыстық жолдарда көп учаскілерінде жолдардың жабылу фактілері болып жатыр. Соңғы кезде температураның жайлануына байланысты солтүстік өңірлерде ондай шектеулердің саны азайуда. Керісінше оңтүстік өңірлерде температураның төмендеуі және борандардың көбеюіне байланысты оның ішінде көру арақашықтығының нөлдік деңгейде болуына байланысты жолдар жабылып қозғалыс шектелуде.