Жабылып
ойнағанымен, жеңіс бір ғана ойыншыда. Бүгін осы принциппен Астанада шахмат
турниры болып өтті. Швейцариялық
жүйе және ФИДЕ тәртібіне сай 11 тур. 6 бірдей жас ерекшелікке сай 100-ге жуық
ойыншы жиналған. Шахматшылардың дәрежесі классикалық, рапид және блиц деп үш
категория бойынша анықталатыны белгілі.
Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай
өтіп жатқан турнирде бірсыпыра беделді ойыншылар болды. Солардың бірі - «Шахмат
Оскарын» иемденген Анатолий Карпов, гроссмейстерлер Дәрмен мен Динара Сәдуақасовалар және Жансая
Әбдімәлік.
Жансая
Әбдімәлік, шахматшы, әйелдер арасында гроссмейстер:
Старттық
парақты көрдім, жақсы ойыншылар бар екен. Көбін танимын. Бала кезімде олармен
ел чемпионатында ойнағанмын. Олардың менімен ойнағысы келетін шығар, бірақ
бүгін реті келмейді ме деп ойлаймын.