Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде 13 жастағы бала мектепте құлап, көз жұмды

Ақтөбеде 13 жастағы жеткіншек мектепте құлап, көз жұмды. Қайғылы оқиға бүгін таңертең №27 орта мектепте үзіліс кезінде болған. Жетінші класс оқушысы жүгіріп келе жатып сүрініп құлап, партаның бұрышына соғылған. Мойнынан жарақат алған бала бірден есінен танып қалыпты. Жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. Бірақ дәрігерлер баланың клиникалық өлім жағдайында келгенін айтып отыр. Жеткіншекті аман алып қалу мүмкін болмады.

Дәуір ТӨЛЕМІСОВ, №27 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ:

7 «в» сынып оқушысы жүгіріп келе жатып, құлады. Жедел мұғалім фельдшер медсестарсын шақыртып, бірінші жедел жәрдем көрсетілді. Сол жерде жедел жәрдем шақыртылды және ата-анасы шақыртылды. Әкесі келді.

Мұғалімдер оқушының өте тәрбиелі, тәртіпті бала екенін, сабақ үлгерімі де жақсы болғандығын айтады. Қазір бұл оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот медициналық сараптама тағайындалған.

Кәмшат СӘЛІМГЕРЕЕВА, ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ:

Аталған дерек бойынша ҚК 141 бабы 2 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Іс бойынша процесстік прокурор тағайындалды.Тергеу барысы облыс прокурорының жеке бақылауына алынды.