Русский Сайттың толық нұсқасы

"Мемлекеттік сатып алу бойынша ең бастысы -қаржыны үнемдеу",-депутат

Мемлекеттік сатып алу туралы заңды бұзған мердігер компанияның басшысына қатысты өзге де компаниялар мен оның туыстары, құрылтайшылары түгел қара тізімге енуі керек. Бұл туралы мәжілістің көшпелі отырысында Анас Баққожаев айтты. Ол мемлекеттік сатып алу бойынша заңға енгізілетін түзетулер қатарына осындай норма ұсынылып отырғанын жеткізді. Жиында жауапты ведмоства өкілдері мен депутаттар және мамандар заңды жан-жақты талқыға салды. Мемлекет пен мердігер арасындағы мәселелерді заңмен нақтылау, сондай-ақ, қаржыны жұмсау бойынша үнемшілдіктің өзектілігі айтылды.

Анас БАҚҚОЖАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Қандай бағалар бар, тауарларпдың қандай түрлері бар. Осының барлығы бізде ақпарат ретінде жинақталды. Цифрландыру дәуірі келді. Осының барлығы негізінде адам емес оны жасанды интелект отырып, бағасын белгілеу керек. Сонда ғана біз шын мәнінде, үнемді жақсы тиімді бағаға ғана орнықтала аламыз.