Русский Сайттың толық нұсқасы

"Чемпиондар түні" бокс кеші: Санжар Тәшкенбай Өзбекстан боксшысын жеңді

  • AstanaTV
  • 15 желтоқсан 2023
  • 640

Астанада Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) "Чемпиондар түні" бокс кешінде Санжар Тәшкенбай Өзбекстан өкілі Нодиржон Мырзахмедовпен жұдырықтасты, деп хабарлайды Sports.kz.

51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Тәшкенбай мен Мырзахмедов алты раундқа белгіленген жекпе-жекте (үш минуттан) жұдырық түйістірді. Төрешілердің шешімімен Қазақстан боксшысы жеңіске ие болды.

Айта кетсек, Санжар Тәшкенбай қазіргі әлем чемпионы: ол Ташкенттегі 2023 жылғы Әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған болатын. Нодиржон Мырзахмедов болса, ол 2019 және 2021 жылдары екі рет Азия чемпионы атанған.

Бұл кештің басты оқиғасы - Данияр Елеусінов пен ОАР боксшысы Джабулани Макхенс жекпе-жегі екенін еске сала кетелік.