Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысында көктайғаққа байланысты республикалық тас жолдың бір бөлігі жабылды

  • AstanaTV
  • 16 желтоқсан 2023
  • 716

Алматы облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты 16 желтоқсанда сағат 8:50-ден бастап республикалық трассаның бір бөлігі жабылды.

Облыстық ТЖД ақпаратына сәйкес, "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ ауа райының нашарлауына байланысты (суық күндері жаңбырдың жаууы, қатты көктайғақ) республикалық маңызы бар А-2 Алматы – Ташкент – Термез тас жолынының 59-143 шақырым аралығы, яғни Жаңақұрлыс ауылынан Жамбыл облысының шекарасына дейінгі учаскесі барлық автокөлік түрлері үшін жабық.