Русский Сайттың толық нұсқасы

Таразда көктайғақтан жарақат алған 43 адам дәрігерлерге жүгінді

  • AstanaTV
  • 17 желтоқсан 2023
  • 1059

Жамбыл облысының тұрғындары ауа райының қолайсыздығына баланысты қиындықтарға тап болды.

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің берген мәліметтеріне сүйенсек, Тараз қалалық көпбейінді ауруханасының травматология бөліміне бүгін түске дейін 43 адам түрлі жарақатпен көмек сұрап жүгінген.

Оларға амбулаториялық көмек көрсетіліп, денсаулықтарына аса зиян келмегендіктен үйлеріне қайтарылған.

Зардап шегушілердің қатарында әзірге ауруханаға жатқызылғаны жоқ.