Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытайлық ғалымдар ғаламшараралық саяхатқа ыңғайлы киім ойлап тапты

  • AstanaTV
  • 17 желтоқсан 2023
  • 2832

Қытайлық ғалымдар қоршаған орта температурасы құбылып тұрғанына қарамастан адамға қолайлы температурада болатын күн батареяларына негізделген киім жүйесін ойлап тапты. 

Science журналының хабарлауынша, Нинкай университеті зерттеушілерінің жаңалығының жылуды реттейтін басқа киім үлгілерінен ерекшелігі, ол - күн сәулесінде қуатталғаннан кейін бір тәулік ішінде температураны реттейтін құрылғының арқасында жылытуға да, суытуға да қабілетті.

Өнертапқыштардың сөзінше, күн элементтеріне негізделген киім қоршаған орта температурасы құбылған кезде адам ағзасының жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруға, тіпті «экстремал жағдайларда, мысалы ашық ғарыш пен басқа ғаламшарларда аман қалу мүмкіндігін арттырады».