Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәжіліс депутаттары марапатталды

  • AstanaTV
  • 13 желтоқсан 2016
  • 2778

Тәуелсіздік күні қарсаңында Парламент Мәжілісінің бір топ депутаттары да мемлекеттік наградалармен марапатталды. Депутаттарға тиісті сыйларын Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин табыстады.

Мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі үшін Жанат Жарасов пен Гүлмира Исимбаев «Парасат» орденімен, Ахмет Мурадов екінші дәрежелі «Достық» орденімен, сондай-ақ алты депутат «Құрмет» орденімен марапатталды. Бір топ Мәжіліс депутаттары, аппарат және бөлім қызметкерлері «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдары мен құрмет грамотасына ие болды. Марапаттау соңында Нұрлан Нығматулин қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, барлық 107 депутатқа Қазақстан Респбуликасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық медалін табыс етті.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

Біздің мемлекетіміз өте үлкен табыстарға, меніңше, ұлы жеңістерге жетті. Әлемдік деңгейде абыройлы да беделді мемлекет болды. Ең бастысы, еліміздің берекелі бірлігі, ынтымағы зор. Оған бәріміз куә болып жүрміз. Жеткен де, жетпеген де мемлекеттер бар.

Саламат ОМАШ