Ауа температурасының төмендеуі мен жауын-шашынға және боранға байланысты еліміздің 2 облысында жол жабылды. Республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Жол шектеулері Жамбыл облысы мен Жетісу облысында енгізілген. Жамбыл облысында "Алматы-Ташкент-Термез" автожолы және Жаңа Қордай асуының 95 шақырымында. Жетісу облысының бір участкесінде "Үшарал-Достық" Көктұма станциясында және Достық станциясының 100 шақырымында. Шектеу барлық көлік түрлеріне қолданылады. Дәл қазір республикалық маңызы бар автожолдарды тазалауға 288 техника жұмылдырылды.