Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақмолада алимент төлемей қашып жүрген 28 адамға қылмыстық іс қозғалды

  • AstanaTV
  • 19 желтоқсан 2023
  • 2014

Ақмола прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша алимент төлемейтіндерді қылмыстық жауапкершілікке тартып жатыр, деп хабарлайды Kazinform.

Биыл жүргізілген жұмыстың нәтижесінде прокуратура алимент төлемей жүрген 28 борышкерге қатысты қылмыстық істі тіркеді.

Оның ішінде 8 борышкерге үкім шықты.

Бүгінгі таңда сотқа дейінгі тергеу органдарының өндірісінде тағы 5 қылмыстық іс бар.

Сонымен қатар Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 669-бабы бойынша алимент өндіріп алу туралы сот шешімін орындамағаны үшін 100-ден астам борышкер әкімшілік жауапқа тартылды.

Биыл Ақмола облысы прокуратурасы 600 млн тенгеден астам алимент қарызының өтелуіне сеп болды.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.