Русский Сайттың толық нұсқасы

Михаил Кукушкин мен Ярослава Шведова «Құрмет» ордені иегері атанды

  • AstanaTV
  • 13 желтоқсан 2016
  • 2352

«Құрмет» орденіне теннисшілер Михаил Кукушкин мен Ярослава Шведова да лайық деп танылды. Тек мемлекеттік марапатты қос ракеткашы қорытынды жиында емес, шетелдегі жарыстан келген соң еншілемек.

Жалпы алғанда Қазақстан теннисі биыл бірсарында өтті деуге келмейді. Жастар арасында теннистен көрсеткен жоғарғы көрсеткішті сөз етсек, олимпиада ойындарында оңбай ұтылғанымыз тағы бар. Ол аздай, ерлер арасындағы теннисте алты жыл жоғарғы дивизионда өнер көрсеткен құрама команда биыл элитаға қолы жетпегені көптің есінде. Алда осы олқылықты жою керек деген мақсат бар. Ақпанда өтетін Азия ойындарында плей-офф кезеңіне өтіп, әлемдік топқа жолдама алу үшін Қытай немесе Тайвань құрамасымен кездесеміз деген жорамал бар. Сондықтан алдағы уақытта теннистен үйреншікті құрамаға өзгертулер қажет болуы мүмкін.

Диас Досқараев, ҚР теннис федерациясының президенті:

Недовесовты Хабибуллинмен бір топта ойнатып көрген едік. Көбі эксперимент деп ойлаған. Алайда қос ойыншы сәтті ойын көрсетті. Құраманың үздік ойыншысы Кукушкин деп айта алмаймыз, себебі ол жалғыз өзі ойнағанда тиімді нәтиже көрсеткенімен, топтық ойында сылбырлау. Бізге жұптық ойында жақсы көрсеткіш көрсететіндер қажет. Сондықтан қосалқы құрамдағылар да тартылса деймін.