Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкент энергетика басқармасы басшысының орынбасары жол апатынан қаза тапты

  • AstanaTV
  • 19 желтоқсан 2023
  • 1181

Алматы облысында жол талғамайтын көлік пен жүк көлігі соқтығысып, салдарынан Шымкент Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары қаза тапты.

Алматы облыстық Полиция департаментінен мәлім еткендей, 18 желтоқсан күні сағат 8:00-де Алматы-Бішкек тасжолында 31 жастағы Lexus LX 470 көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қарсы жолаққа шығып кетіп, айналма жолдан шығып келе жатқан Volvo жүк көлігімен соқтығысқан.

«Жол апаты салдарынан Lexus жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Көлікте болған 1991, 2015, 2018, 2021 жылы туған балалар түрлі дене жарақаттарымен Ұзынағаш ауылындағы ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша Жамбыл аудандық полиция бөлімінде тіркелді. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Кейін жол талғамайтын көлікті Шымкент қалалық Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Абдуқадіров тізгіндегені белгілі болды.

Бұл ақпаратты қала әкімдігінің баспасөз қызметі де растады.