Русский Сайттың толық нұсқасы

Ташкентте әйел 2 баласымен бірге өз үйінде жанып кетті

  • AstanaTV
  • 19 желтоқсан 2023
  • 2202

18 желтоқсанда Ташкенттің Яшнабад ауданындағы жер үйлердің бірі толығымен отқа оранды. 

Бас прокурордың баспасөз хатшысы Хаят Шамсутдиновтың айтуынша, Яшнабадтағы өрт салдарынан 28 жастағы әйел мен оның 8 және 5 жасар екі қызы қаза тапты.

Осы жағдайға байланысты Яшнабад ауданының ішкі істер бөлімі Қылмыстық кодекстің 259-бабы (өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғады.