Русский Сайттың толық нұсқасы

"Ауыр дерттен қайтыс болды". Әнші Нұрболат Қанай өміріндегі өкінішін айтты

  • AstanaTV
  • 20 желтоқсан 2023
  • 1799

Әнші Нұрболат Қанай інісінің қазасын естіген соң жинап жүрген ақшасын суға ағызып жібергені туралы "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

"Дияр деген туған інім болған. Ол лейкемия ауруына шалдығып, өмірден өтіп кетті. Ол кезде мұсылман дүкенде миск, жайнамаз, діни кітаптар сатам. Айына 15-20 мың теңгедей ақша төлейтін. Сол айлығымды жинап жүрдім. Ініме қолдау білдіргім келді. Оның үстіне соған қатысты видеоларды көп қарайтынмын. Білгенім бойынша, оларға мотивация беру керек екен. Ініме мотивация бері, қолдан жүргенімде інім өмірден өтіп кетті. Сол кезде жинаған ақшаны суға ағызып жібердім. Жете алмай қалғаныма өкініш болды. Ол кезде інім 7 жаста еді. Ал мен 10-11-сынып оқитын едім", -деді әнші.

Әнші інісінің қазасынан кейін қайырымдылық концерттерін ұйымдастырып тұрамын деп өзіне сөз берген.

"Қазір айына екі рет тегін концертке немесе тойға барамын. Тек жатын орным мен жол жүру билетін төлесе болды. Барып, өнерімді көрсетіп қайтамын. Негізі, алдағы уақытта інім емделген ауруханаға барып та өнер көрсеткім келеді. Сол жердегі балаларға қолдау көрсетіп, ауыр дертпен күресіп жүрген дәрігерлерге алғыс айтсам деген арманым бар", - деді ол.