Тайваньда әйелдің бүйрегінен 300-ден астам тас алынды. Науқастың айтуынша, ол судың орнына үнемі газдалған сусын мен қант қосылған тәтті шай ішкен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Taiwan News-ке сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, Сяо Ю есімді әйел ауруханаға дене қызуы жоғарылап, белі ауырып түскен. Дәрігерлер науқасты тексергеннен кейін оны рентгенге түсіріп, бүйрегінде жүзге жуық ұсақ тас бар екенін анықтаған.
Сяо Ю дәрігерлерге су ішкенді ұнатпайтынын және тек газдалған сусын мен қант қосылған тәтті шай ішетінін айтқан.
Сарапшылар мүлде су ішпеу ағзаның созылмалы сусыздануы және минералдардың жиналуына әкеп соқтырғанын мәлімдеді. Әйелге шұғыл ота жасалынып, дәрігерлер оның бүйрегінен 5 мм-ден 2 см-ге дейінгі 300-ге жуық тас алған. Мамандар сөзінше, тастар "кішкентай буға пісірілген тоқаштарға" ұқсайды.