Русский Сайттың толық нұсқасы

"Ең қауіпті жұп": Францияда атақты қылмыскердің әйелі екінші рет өмір бойына түрмеде отыру жазасын алды

  • AstanaTV
  • 20 желтоқсан 2023
  • 1786

Парижде әйгілі сериялық қылмыскер Мишель Фурниренің бұрынғы әйелі 74 жастағы Моник Оливьенің соты аяқталды. 2008 жылы ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды, енді жаңа айыптар бойынша оны тағы да өмір бойына соттады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа үкім бойынша Моник Оливье темір тордың артында кем дегенде 20 жыл отыруы керек.

Процесс үш аптаға созылды. Оливье 1990 жылы 20 жастағы британдық студент Джоанна Парришті ұрлап, өлтірді, кейінірек 18 жастағы ерекше қажеттілігі бар қыз Мари-Анхель Доместі ұрлап өлтірді. Сонымен қатар 2003 жылы 9 жасар Эстель Музан із-түссіз жоғалды, денесі де табылмады. Бұған да Оливье күдікті ретінде танылды.

Әйелдің күйеуі Мишель Фурнире Франция мен Бельгия аумағында қыздарды ұрлап, зорлап өлтіретін қауіпті қылмыскер ретінде танымал. Ол 2003 жылы тағы бір жәбірленушіні ұрлау кезінде ұсталып, қамауға алынды және 2008 жылы 1987-2003 жылдар аралығында жеті қыз бен әйелді өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Үкім шығарылған кездегі оның ең кіші құрбаны 12 жаста, ең үлкені 22 жаста болды. 9 жасар Эстель Музанның ісі Фурнир түрмеде отырған кезде пайда болды.

Тергеу Фурнире әйелі Моник Оливье күйеуіне қастық жасауына көмектескенін және сол 2008 жылы ол да өмір бойына сотталғанын анықтады.

Отбасылық қылмыскерлердің жәбірленушілерінің бірі Джоанна Парриш Париждің оңтүстігіндегі Осер қаласында ағылшын тілі мұғалімінің көмекшісі болып жұмыс істеген. Оны қаскөйлер 1990 жылы мамырда өлтірді. 2018 жылы Фурнире оны өлтіргенін мойындады, ал 2021 жылы ол түрмеде қайтыс болды. Содан бері тергеу Оливьенің қылмысқа қатысын анықтаумен айналысты.

Қыз жергілікті газетке хабарландыру жариялап, ағылшын тілінен сабақ беретінін жазды. Хабарландыруға ер адам жауап беріп, қалада кездесуді ұсынды.

Мерт болған Джоанна Парриштің адвокаты Стефани Потьенің айтуынша, қылмыскердің әйелі Моник Оливьенің де бұған тікелей қатысы бар, ол да сыбайлас болған. Себебі фургонда әйел отырғандықтан, қыздың қорқынышы сейіліп, көлікке мінуге келіскен.

"Егер Джоанна Парриш ұрланған күні Моник Оливье болмаса, тірі қалар еді. Оливьенің көмегімен ер адам ұрлау, зорлау және кісі өлтіру пиғылын іске асырды. Бұл оның өмірінің мәні еді. Бұл бір-бірін толықтырған екі қылмыскердің сыбайластығы", – деді адвокат .

Қорытынды сөзінде бас айыптаушы Хью Жюль оларды ең қауіпті жұп деп атады.

"Бұл жұп – Франция мен Бельгиядағы соңғы 50 жылдағы ең қауіпті сериялық кісі өлтірушілер. Зорлау мен кісі өлтіру олар үшін дүкенге бару сияқты қарапайым іске айналған", – деп қорытындылады ол.