Русский Сайттың толық нұсқасы

Мұз үстіне шығуға тыйым салынады

Мұзда балық аулау - қауіпті. Өйткені Есіл суы әлі толық қатқан жоқ. Қазір төтенше жағдай қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бірақ сонда да ескертуді елемейтіндер көп. Қыс түсісімен бір жеткіншек мұз үстіне шығып, суға батқан. Абырой болғанда жүргіншілер байқап, оны құтқарып қалды. Мамандар мұз қалыңдығы 20 см-ге жетпейінше өзен аумағына жоламаған жөн, - дейді.

Азамат ЖҰМЕКЕШОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ОФИЦЕРІ:

10-15 см жоғарлағаннан кейін бір адамға, шамамен, қауіпсіз мұздың бетінде болуға. Егер де спорттық, әртүрлі іс-шаралар өткізуге байланысты 25-35 см жоғары болу керек. Қалың болу керек. Сонда да қарау керек. Егер сырғану, коток, горка сияқты ойын-сауық орындары ашылатын болса, сол қалыңдықты ескерген жөн.