Енді қала тұрғындарын «патриот» деп аталатын қоғамдық көлік тасымалдайды. Қорғаныс министрлігі автобус пен трамвайларды брендтеуге кірісті. Бортта Қарулы күштерде орын алған маңызды әрі жарқын оқиғалардың көріністері бейнеленген. 15-ке жуық жаңа тасымал құралы жұмысын бастады. Олардың саны алдағы уақытта тағы көбейеді, - дейді жауаптылар.
Бақытжамал МАКСИЛОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Біздің Қазақстан мемлекетінде әр елдің өзінің мәдениеті болады. Өзінің еліне деген сүйіспеншілігі болады. Отанды сүю әр азаматтың міндеті деп есептеймін.