Русский Сайттың толық нұсқасы

«Көпқабатты үйлер жылусыз қалған жоқ», - қала әкімі

Қостанайдағы «Әуежай» шағын ауданында тағы жылу құбыры жарылды. Бұл маңдағы көпқабатты үйлер бұған дейін де жылусыз қалған еді. Қостанайда ауа температурасы -6-9 градусты көрсетіп тұр. Әзірге пәтерлер жылы. Тұрғындар тезірек жылу берілсе дейді.

Жанерке МАҚСҰТҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Бізде районда жылуды кеше кешке сөндірді. Бірақ үйде әзірге жылы. Жөндеу жұмыстары жүріп жатыр деп естідім. Бүгін кешке дейін қосылады деп айтып жатыр. Күтеміз.

Қала басшысы құбырдың жарылғаны 3-4 күн бұрын белгілі болғанын айтты. Жұмысшылар қолайлы ауа райын күткен көрінеді. Шағын аудандағы үйлерде жылу бар. Тек жұмыстар жүргізілгенде ажыратылады.Оның өзі екі-үш сағатқа созылады. Сосын дереу жылу беріле бастайды деп сендірді қала әкімі.Сондықтан тұрғындар еш алаңдамаса да болады. Жөндеу жұмыстары көп ұзамай аяқталады деді.

Марат ЖҮНДІБАЕВ, ҚАЛА ӘКІМІ:

Жылусыз қалған үй жоқ. Құбырдың жарылған жері анықталған соң, жөндеу жұмыстары екі-үш сағатқа созылуы мүмкін. Осы уақытта жылу болмайды.Сосын дереу жылу беріледі. Тұрғындар мұны сезбей де қалуы тиіс.Біз әдейі осындай ауа-райын күткен ек.