Русский Сайттың толық нұсқасы

Шавкат Мирзиеев Өзбекстан президенті қызметіне ресми түрде кірісті

  • AstanaTV
  • 14 желтоқсан 2016
  • 3911

Өзбекстанның жаңа президентін ұлықтау рәсімі өтіп, Шавкат Мирзиеев қызметіне ресми кірісті. Бүгін ол парламенттің бірлескен отырысында салтанатты түрде ант қабылдады. Президент ел Конституциясының 92-бабына сәйкес, Өзбекстан халқына адал қызмет етуге және Конституция ережелері мен заңдарын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауға кепілдік берді.

Енді жақын арада Үкімет мүшелері жасақталмақ. Либералды-демократиялық партия атынан премьер-министр қызметіне Абдулла Әріпов үміткер ретінде ұсынылды. Ол қазір Үкімет басшысының орынбасары лауазымында. Енді оның кандидатурасын Сенат қарайтын болады.

Айта кетейік, Өзбекстанда президент сайлауы 4 желтоқсанда өтті. 4 кандидаттың ішінен Либералды-демократиялық партия атынан түскен Шавкат Мирзиеев сайлауда 88,61 пайыз дауыспен жеңіске жетті. Ол Өзбекстан билігіне келген екінші президент.

Айбек ҚОСАН