Венгрия
ғалымдары Кейкі батырдың шынайы келбетін қалпына келтірді. Енді бас сүйек жаңа
жылға дейін елге қайтарылады. Бұл туралы біздің арна тілшілеріне этнолог ғалым Кейкі батырдың сүйегін Будапештке жеткізген Нұрсан Әлімбай мәлімдеді. Мажарлық
антропологтарға батырдың бас сүйегі осы жылы 13 қазанда тапсырылған еді.
Батырдың келбетін анықтау үшін Венгрия ғалымдары антропология ғылымының соңғы
мүмкіндіктерін пайдаланған.
Нұрсан Әлімбай, Мемлекеттік орталық мұражайдың
директоры, этнолог ғалым:
Жаңа
методология, жаңа антропология саласындағы жаңалықтарын пайдаланып жасадық
дейді. Олар сәйкестігі 99,7 пайыз дейді. Демек, оның тура өз бейнесі деген сөз.
Айта
кетейік, Нұрмағамбет Көкембайұлы Кейкі батыр деген атпен танымал. Ол 1916
жылғы ұлт-азаттық қозғалысында қол бастаған. Ресей мұражайында сақталған
батырдың бас сүйегі биыл, араға 93 жыл салып, елге қайтарылған еді. Ал бабаның
сүйегін арулап жерлеу рәсімі келер жылдың күзіне жоспарланып отыр.