Русский Сайттың толық нұсқасы

«Алматы 2-Атырау» жолаушылар пойызы мәжбүрлі түрде тоқтады - ҚТЖ

  • AstanaTV
  • 21 желтоқсан 2023
  • 833

Төтенше жағдайға байланысты Жамбыл облысының Қордай және Шу аудандарында пойыздардың қозғалысын үйлестіру үшін барлық қатысы бар қызметтер мен Көліктегі полиция департаменті басшылығының қатысуымен жедел штаб құрылды, деп хабарлайды Kazinform.

«Қазақстан Теміржолы» ұлттық компаниясының мәліметінше, Шымкент-Тараз және Шу-Отар теміржол учаскелерінде ауа райының нашарлауына байланысты пойыздар қозғалысы жылдамдығына шектеу енгізілді. Осыған байланысты 30-дан астам жолаушылар пойызы қозғалыс кестесінен артта қалды. Теміржолшылар тәулік бойы көліктің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуде.

«Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кестені түзету үшін Астана-Алматы-Астана, Атырау-Алматы, Ақтөбе-Алматы, Алматы-Жезқазған бағыттары бойынша алты жолаушылар пойызының жүруі тоқтатылды.
Қарлы циклон өңірде электр энергиясымен жабдықтаудың үзілуіне себеп болды, соның салдарынан «Алматы 2 — Атырау» жолаушылар пойызы мәжбүрлі түрде тоқтады. Теміржолшылар электровозды тез арада тепловозға ауыстырды», — деп жазды ведомстводан.

Ұлттық тасымалдаушы компания 10,8 мың жолаушыға тамақ ұйымдастырды (оның 5,7 мыңы — вагон-мейрамханалар мен вагон-барларда, 5,1 мыңнан астамы — Шу, Шымкент және Отар станцияларында).

Сондай-ақ, осы кезеңде теміржолшылар 11 мың текше метр қар шығарды.

«Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін билет кассалары тәулік бойы жұмыс істеді. 14-18 желтоқсан аралығында тоқтатылған пойыздарға 5 мыңнан астам билет қайтарылды», — деп толықтырды компаниядан.