Шавкат Рахмоновтың (18-0) секунданты Бауыржан Оталиев қазақстандықтың UFC-дегі келесі жекпе-жегі қашан өтетінін айтты, деп хабарлайды BasSport.kz.
Естеріңізге сала кетейік, 17 желтоқсан күні таңертең Лас-Вегаста "Номад" UFC 296 турнирінде өнер көрсетіп, екінші раундта америкалық Стивен Томпсонды қылқындыру әдісімен жеңді. Томпсон карьерасында алғаш рет жеңіліске ұшырады.
Оталиевтің сөзіне қарағанда, Рахмонов октагонға жазда оралады, себебі ол айқас алдында аяғын жарақаттап алған, соны емдеуі керек.
Қашан оралатыны жайлы айтсақ, жазда деп жауап беремін. Дайындыққа кірісу туралы сұрағанымда солай жауап берген. Қазір аздап демалып, жаңа жылда жаттығуға кірісеміз. Аяқты емдету керек, әлі ісіп тұр. Жазылған жоқ, - деді ол "Вестник ММА-ге" берген сұхбатында.
Айта кетейік, Рахмонов UFC-дегі барлық алты айқасын мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтады.