Русский Сайттың толық нұсқасы

Кісі өлтірген күдіктілер екі айға жуық уақыт өздері қазған жерге жасырынып жүрген

  • AstanaTV
  • 21 желтоқсан 2023
  • 813

Кісі өлтірген күдіктілер екі айға жуық уақыт өздері қазған жерге жасырынып жүрген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Алматы қаласының полицейлері биыл қазан айында танысын өлтіріп, қылмыс ізін жасыру үшін денесін өртеп жіберген 22 және 33 жастағы екі ер адамды ұстады.

Арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Күні кеше күдіктілердің тұрған жері белгілі болды: олар осы уақыт бойы Алматы – Астана тас жолынан 2 шақырым жерде орналасқан орынды қазып, (көлемі – 3х1,3 метр, биіктігі – 1,7 метр) сол жерде жасырынып жүрген. Онда күдіктілер өздеріне арнайы баспана, тамақтанатын орын жасап қойған. Олар өздерінің танысын өлтіргендерін мойындады. Күдіктілер қамауға алынды, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.