Астанада «Мәңгілік мұңның әуені» атты поэтикалық-музыкалық қойылымының премьерасы өтті. Спектакль халық арасында «Сары тентек» атанып кеткен Қуаныш Мақсұтовтың 60 жас мерейтойына орай қойылды. Поэтикалық кеште жас көрермен театрының актерлері ақынның өлең-жырларын оқып, әндерін шырқады. Қоюшы-режиссер - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров. Мәдени шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен елімізге белгілі ақын-жазушылар қатысты.
Қуаныш МАҚСҰТОВ, АҚЫН, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:
Мақсат не? Мақсат екі нәрседе. Бірінші, өлеңнің ұлылығы - эстетика. Ол әдемі болу керек. Мысалы мен жыр жинағымды да, кітабымды да әдемі қылып шығардым. Әлемдік стандартта. Екінші, мүмкіндігінше театрдағы койылымдарда, шығармашылық кештерде, мерейтойлық кештерді өнер арқылы тану керек.