Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар әкімдігі жаңа жылды қарсы алуға 105 млн. теңге жұмсамақ

Павлодар әкімдігі 52 млн. теңгеге жаңа шырша сатып алды. Осыдан 12 жыл бұрын алынған қылқан жапырақты жарамсыз болып қалған. Сондықтан да жаңа жылға жаңа шыршаны қоюды жөн көріпті. Шыршаның биіктігі 30 метр құрайды. Қазір оның қаңқасын құру жұмыстары жүріп жатыр. Ертең жаңа жылдың басты нышанының шамдары жағылады деп күтіліп отыр.

Светлана ГЛАДЫШЕВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Шыршаның жалпы салмағы 28 мың киллограм. Шыршаның өзі сәукеле сияқты тәріздес. Біз бұны дизайнерлермен және тұрғындардың ұсыныс тілектерін ескере отырып, таңдадық. Шырша ұлттық нақыштағы оюлармен көмкерілетін болады. Оған 3 мыңдай жарықшам қолданылады.
Бұдан бөлек мұз қалашық жасауға тағы 53 млн. теңге бөлініпті. Жаңа жылдың дайындығына қала әкімідігі жалпы соммасы 105 млн. теңге жұмсамақ. Ал қырау қаржыға сатып алынған шыршаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері тексермек.
Естеріңізге салайық, осыдан 12 жыл бұрын 38 млн. теңгеге шырша сатып алған қаланың сол кездегі әкімі Оразгелді Қайыргелдинов жұмысынан қуылған болатын.

Мұратбек ҚАСЫМОВ, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Жаңа жылдық шыршаны безендіруге қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті бастадық. Қорытындысы бойынша сіздерге қосымша хабар береміз.