Русский Сайттың толық нұсқасы

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы бүкіл елімізді аралап шықты

  • AstanaTV
  • 14 желтоқсан 2016
  • 2225

Ел аумағын аралаған «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы бүгін Алматыға келіп, сапарын қорытындылады. 25 жылда жеткен жетістіктерді айтып, халықтың бүгінгі әл-ауқатымен танысуға аттанған акция мүшелерін алматылықтар ерекше ықыласпен күтіп алды.

Әр саладан жиналған 300-ге жуық маман бір жарым ай бұрын жолға шыққан болатын. Оларды ірілі-ұсақты елді мекендермен бірге шалғайдағы ауыл тұрғындары тағатсыздана күтті. Пойыз делегаттары көпшілікке демеу болды. Алғашқы күні-ақ арыз-шағымдарын арқалап, «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына асыққан жұртта есеп болмады. Партия өкілдері 77 мың адамның өтінішін мұқият тыңдап, оны шешудің жолдарын түсіндірді. 12 мыңға жуық азаматқа медициналық көмек көрсеткен.

Ералы Тоғжанов, Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары:

Жалпы мына пойыздың жүру бағытында 100 млн көлемінде нақты әлеуметтік көмектер көрсетілді. Әрбір азаматтың  көкейтесті мәселелері шешіліп жатса, Тәуелсіз Қазақстанымыздың туы желбірегені деп айтуға хақымыз бар.

Әміржан Әлпейісов, «Тәуелсіз Қазақстан» пойызының штаб жетекшісі:

Айтатын болсақ, көптеген мәселелер болды. Біздің шеше алмаған мәселелер де болды. Бұл мәселелер негізінен заңнамалық мемлекеттік деңгейдегі мәселелер, бұл мынау ардагерлер жөніндегі заңды қажет етеді. Сондай-ақ мынау жекелеген мәселелер, үшінші топтағы мүгедектер мәселелесі болды. Біз ол мәселелерді  Президент Әкімшілігінің алдына жолдап отырмыз, Парламент өзінің жұмысында бұл мәселелерді қарайтын болады. 

Айгүл ЕРМАХАН