Русский Сайттың толық нұсқасы

Үйі өртеніп кеткен түркістандық тұрғынға жерлестері 15 күнде пәтер алып берді

  • AstanaTV
  • 22 желтоқсан 2023
  • 707

Игі іске үлес қосқан азаматтар 4 күн ішінде 10 млн теңге жинады.

Созақ ауданына қарасты Таукент кентінің тұрғыны Айбала Құдияроваға жерлестері 3 бөлмелі пәтердің кілтін табыстап, қуанышқа кенелтті.

Кент тұрғындары мен шараға жиналған қонақтар игі іске ұйытқы болған жандарға алғысын айтты.

5 желтоқсан күні Айбала Құдиярованың баспанасы өртке оранған болатын. Салдарынан барлық бөлмелері жанып кетті және үйдің шатыры толықтай зақымданды.

Содан кент тұрғындары жерлестеріне көмек беру мақсатында қаржы жинауды қолға алды.

Небәрі 4 күн ішінде қаражат көлемі 10 млн теңгеге жеткен. Оның көбісін жанашыр азаматтар берген. Содан белсенділер көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен 3 бөлмелі пәтер алып, баспанасыз қалған тұрғынға тарту етті.