Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда ішкі жалпы өнім 11 айда 0.8% өскен

  • AstanaTV
  • 15 желтоқсан 2016
  • 4318

Қазақстанда ішкі жалпы өнім он бір айда 0,8, пайызға өсті. Ал жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 1 пайызға жетеді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлімдеді. Министрдің айтуынша Қашағанның ашылуына байланысты қазан-қараша айларында елімізде тау-кен өнеркәсібінің өндірісі айтарлықтай өсіп, құрылыс қарқыны күшейген. Егер соңғы 10 айда құрылыс 6,9 пайыз болса, он бір айдың көрсеткіші бойынша 7,5 пайызды құраған. "Тауар өндіру мен салық жинаудың өсімі осындай нәтиже беріп отыр", - деді Ұлттық экономика министрі. Биыл 75 миллион тонна мұнай өндіру жоспарланған еді. Алайда министрдің болжамы бойынша, қара алтын өндірісі 77 миллион тоннадан асып түспек. Ал 2017 жылға деген жалпы ішкі өнім көрсеткіші өзгеріссіз. Үкімет жоспарына сай елдегі экономикалық өсім биыл 0,5 пайыз, ал келер жылы 1,9 пайыз деп болжанған. Ал 2015 жылы көрсеткіш 1,2 пайызға өскен болатын.