Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада тағы бір мектеп ашылды

  • AstanaTV
  • 23 желтоқсан 2023
  • 645

Астанада Б.Момышұлы атындағы мектеп-лицейінің жанынан жаңа ғимарат ашылды. Ашылу салтанатына қамқоршылық кеңестің өкілдері, педагогтар, ата-аналар мен мектеп оқушылары қатысты. Қабылданған шаралардың арқасында мектепке түсетін артық жектеме азайып, білім мекемесінің үш ауысымды проблемасы шешілді.

«Бүгін Б.Момышұлы атындағы № 53 мектеп-лицейінің жаңа корпусының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шамамен 3 жыл бойы біздің мектеп үш ауысымда жұмыс істеп келді. Осыған байланысты көптеген мәселелер туындады. Бұл проблема 1000 оқушыға арналған жаңа корпус ашылғаннан кейін шешіліп отыр. Осылайша, мектеп енді үш ауысымды режимде жұмыс істемейді», - деді Б.Момышұлы атындағы №53 мектеп-лицейінің директоры З.Қиянова.

Мектепте екі ауысымда 950 бала оқи алады. Ғимаратта 90 кабинет бар. Олардың әрқайсысы толық жабдықталып, балалар үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Екі спорт залы, екі асхана, медициналық кабинет, химия, биология, информатика, физика кабинеттері жабдықталған. Сондай-ақ, мектеп ауласында баскетболға, волейболға және футболға арналған спорт алаңдары жаңартылды.

«2023 жылы 12 мектептің құрылысы жоспарланған болатын. Қазіргі уақытта 8 мектеп пайдалануға берілді және келесі аптада 4 мектеп жұмыс істейтін болады. Үшінші тоқсаннан бастап барлық 12 мектеп пайдалануға беріліп, оқушыларды қабылдай бастайды. Бұл мектептердің ашылуы үш ауысымды мектептердің проблемасын шешеді. 2024-2025 жылдары қаладағы оқушы саны көп мектептерінің проблемаларын шешу жоспарланып отыр. Осы мақсатта 88 мектеп пен 200 мың оқушы орнын салу жоспарланған болатын», - деді Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев.