Русский Сайттың толық нұсқасы

«Барыс» командасы бүгін елордада «Сочи» командасымен кездеседі

  • AstanaTV
  • 23 желтоқсан 2023
  • 448

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Сочи» командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Kazinform.

Кездесу бүгін, 23 желтоқсан күні, елорда уақытымен сағат 17:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 19 мәрте кездесті. Оның 12-і елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жетті.

Турнир кестесінде «Барыс» 42 ойыннан кейін 31 ұпаймен 23-орында тұр.

Aл «Сочи» 42 ойыннан кейін 32 ұпаймен 21-орында келеді.

Айта кетсек, астаналық клуб биылғы маусымды сәтсіз өткізіп келеді.

Соңғы 10 ойынның небәрі төртеуінде жеңіске жетті.

Бұдан бұрын елордалық командаға бас бапкер міндетін атқарушы қызметіне Олег Болякин тағайындалды.