Русский Сайттың толық нұсқасы

Маңғыстау облысында орнатылғанына бір тәулік те болмаған жаңа жылдық шырша құлады

  • AstanaTV
  • 24 желтоқсан 2023
  • 529

Маңғыстау облысы Шетпе ауылында алаңда орнатылғанына бір тәулік те болмаған жаңа жылдық шырша құлады, - деп хабарлайды  inAktau.

Маңғыстау аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі бұл оқиға ауа райының нашарлауына байланысты болғанын хабарлады.

"Шырша 21 желтоқсанда орнатылды, алайда жұмысы бітпеген. Кеше Шетпе ауылындағы желдің жылдамдығы секундына 20 метрге жетіп, шырша құлады. Қазір ол көтерілді, монтаждау жұмыстары аяқталады. Жасанды шырша жаңа емес, ол өткен жылдары да қолданылған", - деп түсіндірді бөлім өкілі.