Русский Сайттың толық нұсқасы

FlyArystan ұшағында жолаушы апаттық есікті ашып жіберген

  • AstanaTV
  • 24 желтоқсан 2023
  • 863

FlyArystan ұшағында жолаушы жерге қонғаннан кейін апаттық есікті ашып жіберген. Енді азаматқа тәртіпті бұзғаны үшін тергеу жүргізіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желіде FlyArystan ұшағының бортында түсірілген видео пайда болды. Кадрда жолаушы апаттық есікті ашып жіберген.

Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, бұл жағдай 23 желтоқсанында Шымкент-Алматы бағыты бойынша FlyArystan әуе компаниясының KC7106 рейсі қонғанан соң жергілікті уақыт бойынша сағат 01:19-да орын алған.

Кейін әуе кемесі тексеріліп, қайта ұшу жұмыстарына рұқсат етілді. Жолаушы шара қолдану үшін Ішкі істер министрлігіне тапсырылды. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі оған жіне әуе баспалдақтарын жеткізуге жауапты әуежай қызметтеріне қатысты тиісті тергеу жүргізбек.