Русский Сайттың толық нұсқасы

Зүлфия Чиншанло 8 жылға спорттан шеттетілді

  • AstanaTV
  • 24 желтоқсан 2023
  • 811

Қазақстандық ауыр атлет Зүлфия Чиншанло допингке қарсы ережелерді қайта бұзғаны үшін сегіз жылға спорттан шеттетілді.

Бұл туралы sportarena.kz жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

2022 жылдың соңында жарыс кезінен бөлек өтетін міндетті допинг бақылау кезінде спортшының сынамасынан тыйым салынған препарат анықталды.

Айта кетейік, ауыр атлет осымен екінші рет допинг дауына ілігіп отыр. 7 жыл бұрын ХОК WADA көмегі арқылы оның допинг қолданғаны анықталған еді. Нәтижесінде Чиншанло Лондон Олимпиадасының чемпионы атағынын айырылып, 2016-2018 жылдары барлық санаттағы жарысқа қатысу құқығынан шеттетілген болатын.

Еске салайық, спорттан шеттету мерзімі аяқталғаннан кейін ол 2021 жылғы Токиодағы олимпиадада 55 келі салмақта қола жүлде еншіледі.