Русский Сайттың толық нұсқасы

«Шахтер» бас бапкеріне қатысты шешім қабылдады

  • AstanaTV
  • 24 желтоқсан 2023
  • 731

Қарағандының «Шахтер» клубының бас бапкері Игорь Солошенко келесі маусымда қызметін жалғастырады, деп хабарлайды BasSport.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол биыл жергілікті жастармен премьер-лигада тоғызыншы орын алды. Клубтың футболшылар алдында қарызы бар екені айтылып жатыр.

Сондықтан «Шахтер» әзірге жаңа ойыншылар тіркей алмайды. Жақында клубтың директоры ауысқан. Үш маусымнан кейін Ерлан Оразаев кетіп, Асқар Әбілдаев тағайындалды.

Солошенко премьер-лигада ойыншы ретінде біраз жыл өнер көрсеткен. Сосын «Шахтердің» спорттық директоры, бірінші лигада «Шахтер-Болат» командасының бас бапкері болған.