Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-та егіздің сыңары араға күн салып туды

  • AstanaTV
  • 25 желтоқсан 2023
  • 856

«Екі мүйізді жатыр» деп аталатын сирек кездесетін ауытқуы бар америкалық әйел екі күнде екі рет босанды. Босану ұзақтығы жалпы 20 сағатқа созылды. 

32 жастағы Келси Хэтчер Алабама университетінің Бирмингем (UAB) ауруханасында сейсенбіде бір қызды, сәрсенбіде екінші қызды дүниеге әкелді.

Қыздар егіз болғанымен, олардың туған күндері сәйкес келмейді. Бұл өте сирек кездесетін жағдай.

17 жасында Хэтчерге оның қос жатыры (uterus didelphys) бар екенін айтқан.

UAB мәліметі бойынша, бұл өте сирек кездесетін туа біткен аномалия, әйелдердің 0,3%-ында кездеседі.

UAB дәрігерлерінің айтуынша, екі жатырлы әйелдің жүкті болу мүмкіндігі өте төмен болады.