Русский Сайттың толық нұсқасы

Алдағы үш күнде қар жауып, көктайғақ болады

  • AstanaTV
  • 25 желтоқсан 2023
  • 1001

Қазгидромет синоптиктері 26-28 желтоқсан аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады.

Циклон әсері Қазақстанның бүкіл аумағында сақталады.

Осыған байланысты жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауып, көктайғақ болады, тұман түседі.

Бұрқасын көтеріліп, желдің жылдамдығы 15-28 м/с дейін күшейеді.

26 желтоқсанда солтүстік облыстарда жел екпіні 30 м/с асады.

Ауа температурасы кенеттен өзгермейді.