Русский Сайттың толық нұсқасы

Жапониялық ғарыш кемесі екінші рет Айға ұшуға дайындалып жатыр

  • AstanaTV
  • 26 желтоқсан 2023
  • 791

Жапониялық «SLIM» Жердің табиғи серігіне қайта ұшпақшы. Kazinform бұл туралы Азертадж-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Аталмыш ақпаратты Жапонияның аэроғарыштық барлау агенттігі (JAXA) таратты.

«JAXA Жапония уақытымен 16:51-де Ай орбитасына Lunar Exploration Lander Module (SLIM) сәтті ұшырылғанын қуана хабарлайды», - делінген хабарламада.

Жер серігінің бетіне кезекті мәрте қону келесі жылдың қаңтар айына жоспарланып отыр.