Русский Сайттың толық нұсқасы

Енді банк алдындағы берешегін 90 күннен кешіктірген азаматтарға кредит берілмейді

Енді банк алдындағы берешегін 90 күннен кешіктірген азаматтарға кредит берілмейді. Заң жобасы бүгін мәжілісте таныстырылды. Құжатта алаяқтыққа тосқауыл қою тетіктері де қарастырылған. Себебі соңғы екі жылда банктерде 14,6 млрд теңгеге 7,8 мың жалған несие рәсімделген. Оның 82 пайызы мобильдік қосымшалар арқылы алаяқтық жолмен алынған.

Мәди ТАКИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Адамдар кредит алуға өтінім бермесе де, оның атына бөтен біреу несие рәсімдеп жатқан оқиғалар кездесіп жатады. Кейін осы адам шын мәнінде кредит қаражатын алмағанын дәлелдеп әуреге түсетін. Яғни, несие алу үшін банк ғимаратына да бармағанын айтып жатады. Қазір ұсынылып жатқан заң жобасында арнайы тармақ енгізілуде. Оның аясында адамдар eGov.kz жүйесі арқылы несие рәсімдеуден алдын ала бас тарта алады.

Сондай-ақ, заң жобасы мерзімі өткен берешекті сотқа дейін реттеу аясында азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтпек. Ол үшін банк омбудсменіне азаматтардың барлық кредиті бойынша дауларды реттеу міндетін енгізу ұсынылып отыр. Депутаттың сөзіне қарағанда, банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлар үшін банк омбудсменінің шешімдерін орындау міндеттілігі енгізіледі.

Берік БЕЙСЕНҒАЛИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қарыз алушының жалғыз отбасының кішкентай балалары болатын болса, мынау жылу маусымы кезінде үйінен шығаруға болмайды деген. Үйін егер кепілде тұрған болса, оны банктер сататын болса 75 пайыздан төмен болмайды деген. Көптеген көптеген шаралар осы заң жобасында қолданылып, сол шешіліп жатыр.