Русский Сайттың толық нұсқасы

Кәсіпкердің 11 вагонын заңсыз ұстаған құқық қорғау органы мамандары жауапқа тартылды

  • AstanaTV
  • 28 желтоқсан 2023
  • 982

Шымкент көлік прокуратурасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді тобы жүргізген тексерулердің бірінде станциялық теміржолда 11 вагон-цистернаның заңсыз ұсталғанын анықтады.

Бақылаушы ведомстводан жазғандай, құқық қорғау органы қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларын бұза отырып, тауарларға құқық белгілейтін құжаттарды елемей (мұнай өнімдеріне қатысты «нафта» сұйықтығы емес екендігі нақты көрсетілген) тексеру шараларын жүргізген.

«ҚТЖ» АҚ кәсіпкерге 800 мың теңгеден астам вагондар бос тұрғаны үшін төлем шотын жіберді.

Көрсетілген күтпеген мәжбүрлі шығындардан басқа, адал кәсіпкер өзінің шарттық міндеттемелері бойынша тауарды жеткізу мерзімін бұзу салдарынан елеулі материалдық шығынға ұшырады, сондай-ақ іскерлік беделін де түсірген», — деп жазды прокуратурадан.

Прокурорлық шаралар қабылданғаннан кейін ғана кәсіпкердің тауарлары өз бағыты бойынша жүрді, құқық қорғау органының кінәлі қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен бірге іс жүргізу шешімін қабылдау үшін оларға қатысты материалдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жіберілді.