Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытайда кеме жасайтын корпорацияның басшысы пара алғаны үшін 13 жылға сотталды

  • AstanaTV
  • 28 желтоқсан 2023
  • 886

Қытайда China Shipbuilding Corporation компаниясының бұрынғы төрағасы пара алғаны және билігін асыра пайдаланғаны үшін 13 жылға сотталды.

Қытай соты сейсенбі күні Қытай кеме жасау корпорациясының (CSIC) бұрынғы төрағасы Ху Вэньминді пара алғаны және билігін асыра пайдаланғаны үшін 13 жылға бас бостандығынан айырды.

Шанхайдың бірінші аралық халық сотының шешімімен Ху Вэньминге 5 млн юань айыппұл салынып, пара ретінде алған бүкіл ақшасы тәркіленіп, мемлекет қазынасына аударылды.

Сот Ху Вэньминді 2001-2020 жылдар аралығында мемлекеттік кәсіпорындарда әртүрлі лауазым атқарып жүргенде қызмет бабын асыра пайдаланып, тиісті ұйымдар мен жеке тұлғаларға құрылыс келісімшартын алуға, іскерлік ынтымақтастық құруға, активтерді иеленуге, мансапта көтерілуге және депозит тартуға көмектескені үшін кінәлі деп тапты.

Оның ақысына Ху Вэньмин олардан жалпы сомасы 59,86 млн юаньнан (шамамен 8,43 млн АҚШ доллары) астам ақша мен құнды заттар алған.

Сот үкімінде оның 2013-2015 жылдар аралығында CSIC еншілес ұйымын қайта құрылымдау кезінде CSIC төрағасы ретінде өкілеттігін асыра пайдаланып, ұлттық мүддеге орасан зор зиян келтіргені атап өтілген.