Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана халықаралық әуежайында дабыл жарияланды

  • AstanaTV
  • 28 желтоқсан 2023
  • 1200

Астана халықаралық әуежайында дабыл жарияланды.

Астанадан Алматыға КС954 рейсімен ұшқалы тұрған 44 жастағы азамат тіркеу кезінде жол жүгінде қару мен есірткі бар екенін жеткізген.

Әуежай қызметкерлері бірден «қауіпті» жолаушы тұрған аймақты қоршауға алып, мемлекеттік күзет, Ұлттық қаіпсіздік қызметі, терроризмге қарсы орталыққа жедел хабарланды.

«Жолаушылардан жеке заттарына мұқият болуын, балалар мен жасөспірімдерді қараусыз қалдырмауын, авиациялық қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтауын сұраймыз», - деп хабарлады Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметінен.

Астана халықаралық әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметі жолаушының қол жүгін тексеріп, оны желілік полиция бөлімінің қызметкерлеріне тапсырды.

Жолаушы полицейлерге берген түсініктемесінде қол жүгіндегі қару мен есірткі жайында қалжыңдағанын жеткізген.

Ұлттық қауіпсіздік қызметінің нұсқамасымен Астана халықаралық әуежайында дабыл алынып тасталды.

Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша мұндай жағдайда 5 000 АЕК (17 млн теңгеден астам) көлемінде айыппұл салынады немесе 5 жылға бас бостандығынан айырылады.