Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтауда қатты желден жаңа жылдық шырша құлап қалды

  • AstanaTV
  • 29 желтоқсан 2023
  • 841

Әлеуметтік желіде Ақтаудағы жаңа жылдық шыршаның құлаған видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жергілікті Lada.kz басылымының мәліметінше, шырша екпінді желге төтеп бере алмай, жерге құлаған. Видео кадрларына қарағанда, бұл сәтте шыршаның айналасында адам болмаған. Зардап шеккендер жоқ.