Русский Сайттың толық нұсқасы

Иран ЕАЭО-мен келісімнің арқасында ірі көлік хабына айналады

  • AstanaTV
  • 29 желтоқсан 2023
  • 993

Иран Еуразиялық экономикалық одақпен (ЕАЭО) еркін сауда аймағын құру туралы келісімнің арқасында көлік хабына айналады. Kazinform бұл туралы ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы Иран Ислам республикасының Азаматтық авиация ұйымы басшысы Мохаммад Мохаммади-Бахш IRNA агенттігіне берген сұхбатында мәлім еткен.

— Еліміздің ашық суларға қолжетімділігі Солтүстік-Оңтүстік дәлізі бойынша жүк тасымалдауға мүмкіндік береді және ЕАЭО-ға мүше-елдермен әуе қатынасы дамыған кезде Иран ірі көлік хабына айналады, - деп хабарлады ведомства басшысы.

Ол Иранның геосаяси жағдайын және түрлі көлік түрлерімен жүк тасымалдау тәжірибесі бар екенін ескере отырып, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің осы саладағы қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында одаққа мүше елдермен әуе қатынасын дамытудың әлеуеті зор екенін атап өтті.

25 желтоқсанда ЕАЭО елдері Иранмен еркін сауда туралы толық форматтағы келісімге қол қойды. Құжатқа қол қою рәсімі Санкт-Петербордағы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы аясында өтті, оған Ресей президенті Владимир Путин қатысты.