Қазақстанда бір жылда ақша аудару көлемі 2 есе азайды, - деп хабарлайды Ranking.kz.
Биыл қаңтар-қазанда елімізден шетелге 806,9 млрд теңге аударылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,2 пайызға төмен.
Шетелден алынған ақша көлемі 2022 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 2,2 есе азайып, биыл 10 айда 258,5 млрд теңге болды.
2023 жылғы қаңтар-қазанда Қазақстаннан аударылған ақшаның жартысынан көбі Өзбекстан мен Ресейге аударылған.
Сонымен қатар Түркияға - 184,5 млрд теңге және Грузияға - 76,7 млрд теңге жіберілді.